Ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған екі күндік оқыту семинары басталды
25-26 қыркүйек аралығында Қарағанды облысының дін істері басқармасы Дін істері комитетінің жобасы шеңберінде мемлекеттік және құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ және облыстың діни қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында екі күндік оқыту семинарын өткізеді.
Жобаның негізгі мақсаты елдің зайырлы қағидаттарын, сондай-ақ халықтың атаулы топтары арасында дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыруда өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің құзыреті мен әлеуетін арттыру, түсіндіру жұмыстарына инновациялық тәсілдерді енгізу болып табылады.
Семинар барысында еліміздің жетекші мамандары аудиториямен жұмыстың әдіснамалық негіздерімен бөліседі, риторика мен дикцияны дамыту үшін практикалық сабақтар өткізеді, сондай-ақ семинар қатысушыларымен дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылайды.