2023 жылдың 20 қыркүйегінде «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ колледердің 1 курс студенттері үшін «Ашық есік күнін» өткізді.
Шара барысында облыстық дін істері басқармасының басшысы Жанболат Сектай Ахуанұлы студенттерді басқарма жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырып, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Басқарма заңгері Наина Камзина Саятқызы іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін түсіндірді. Сондай-ақ, азаматтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сюжеті бар шағын бейнеролик көрсетілді.