Құрметті мұсылман қауым, жерлестер!

Құрметті мұсылман қауым, жерлестер!

Баршаңызды күллі мұсылман әлемі асыға, сағынышпен қарсы алатын қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әлемде індеттің таралуы салдарынан елімізде болып жатқан дүрбелеңге қарамастан көпұлтты, ынтымағы жарасқан жерлестеріміз, шарапаты мол айды лайықты қарсы алып, құрметпен өткізеді деген сенімдеміз.
Бүкіл әлем қауіпті індетпен күресіп жатқан қазіргідей қиын кезеңде мұсылман қауымының атқарып жатқан қайырлы істері барша адамзат үшін үлгі. Бұл біздің береке-бірліктің, сабыр пен төзімнің арқасында кез келген қиындықты абыроймен еңсеретініміздің айқын дәлелі.
Басымыға келген сынақтардан сүрінбей, сабырлықпен күресу арқылы мол сауапқа кенеліп, елімізге туып тұрған сын сағатта бірлігіміз бекем болып, жаратқан иеміздің жақсылығынан үміт үзбей, жанұямызбен бірге жақсы тілекте болайық ағайын!
Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!