Құрметті «Діни экстремизм – ұлттық қауіпсіздікке қауіпті» байқауының қатысушылары!

Құрметті «Діни экстремизм – ұлттық қауіпсіздікке қауіпті» байқауының қатысушылары!

Біз бүгін байқаудың қорытындысын шығарып, жеңімпазды анықтадық.
Байқауға қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 8 авторлық жұмыс түсті және олардың әрқайсысы Қазақстандағы діни экстремизм мен терроризмнің таралуының өзекті мәселесіне қоғамның назар аударуын ұсынады.
Барлық жұмыстар назар аударуға және мадақтауға лайық, және байқаудың әр қатысушысы материалдарды дайындау кезінде бүгінгі күні өзекті болып отырған осы проблеманы сезіне алғанына сенімдіміз.
Семей қаласының дарынды да креативті қызы, керемет ойластырылған идеясымен және режиссерлік жұмысымен көзге түскен Әмина Арманқызы байқаудың жеңімпазы болды.
Бас жүлденің иегері өзінің ролигінде экстремизмнің нақты мәнін өте жақсы аша білген және экстремизмнің неге әкелетінін көрнекі түрде көрсеткен. Сондықтан, бұл бейнеролик әлеуметтік желілердегі қарсы насихаттау жұмыстарында одан әрі қолданылатын болады.
Әмина Арманқызы, байқаудағы лайықты жеңісіңізбен құттықтаймыз! Сізге зор жетістіктерге жетіп, биік шыңдарды бағындыруды тілейміз!
Сонымен қатар, байқауға қатысқан Жанна Умироваға, Ақниет Асылбековаға, Айгүл Қабақоваға, Аяжан Кеңесбекке, Дарья Саратовкинаға, Лариса Федороваға, Жұлдыз Жаңабергеноваға үлкен ризашылығымызды білдіреміз.
Осындай байқаулар өткізу арқылы біз жастардың назарын діни экстремизм проблемаларына және деструктивті діни ағымдардың таралуына қарсы тұрудағы тиімді іс-қимылға аударғымыз келетіндігін атап өткіміз келеді.