
Ағымдағы жылғы 16-17 тамызда ҚАЖД психологтарына, мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет», «Тәуелді мінез-құлыққа бейім тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері», «Деструктивті діни ағымдардың адептермен психокоррекциялық жұмысты жүргізу», «Террористік әрекет аймағынан келген балалармен жұмыс» тақырыптарында екі күндік оқыту семинары өткізілді.
Лектор ретінде Орталық Қазақстан академиясының жеке құқық кафедрасының оқытушысы, Қарағанды облысының «Антикор» ақпараттық-талдау пулының спикері А.И.Сулейменова, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшы-психологы, БҰҰ-ның Орталық Азияның шекаралас өңірлеріндегі «тәуекел» тобын бейіндеу мәселелері жөніндегі сарапшы – психологы, педагогика және психология магистрі Л.С.Шакимова, Қазақстан Республикасы психологтар қауымдастығының сарапшы-психологы, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы оңалту орталығының психологы Абдукеева А.С. шақырылды.
Семинар барысында алдын алу субъектілерінің күнделікті жұмысында туындайтын проблемалық мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары талқыланды.