Облыстың діни бірлестіктері клубының кезекті отырысы өткізілді

Облыстың діни бірлестіктері клубының кезекті отырысы өткізілді

Клуб отырысына облыстық діни бірлестіктерінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі қатысты. Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері қатысушыларға «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңының нормаларын жеткізді. Одан басқа, іс-шара барысында қатысушыларға «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары» түсіндірілді және де 2023 жылдың IV тоқсанда қарастыруға жоспарланған мәселелер талқыланды.