
«Қарағанды облысының конфессияаралық проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «AQ NIET» қоғамдық бірлестігімен 12 тамызда әйелдер мен қыздар жамағаты арасында волейболдан жарыс ұйымдастырды.
Жарыстың мақсаты - бірлік пен салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс -шараға 8 команда қатысып, жүлделі орын алған 3 марапатталды.
I орын - «Бала қажы» командасы
II орын - «Бірлік» командасы
III орын - «Ана-Мама» командасы