
Дін істері басқармасы «Ақниет» АНОО» ҚҚ бірлесе ҚАЖД инспекторлары мен психологтарына арналған «Террористік және экстремистік қылмыстары үшін сотталғандармен практикалық психологиялық жұмыстың негізгі ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Лектор ретінде сот-психологиялық сараптама саласының маманы Сәуле Ишанқызы Избасарова және Қазақ технология және бизнес университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Жанар Данағатқызы Жукешева шақырылды.
Семинар барысында алдын алу объектілерімен күнделікті жұмыста туындайтын проблемалық мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары талқыланды.