Қарағандыда дін мәселелері жөніндегі АТТ мүшелеріне арналған практикалық семинар өтті

Қарағандыда дін мәселелері жөніндегі АТТ мүшелеріне арналған практикалық семинар өтті

Дін істері басқармасы Қазақстан халқының рухани және мәдени мұрасын сақтау, мемлекеттің зайырлы қағидаттарын нығайту, діни радикализм идеологиясының алдын алу бойынша екі күндік семинар өткізді.

Оған облыстың АТТ-ның 40 жуық мүшесі қатысып, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша өз құзыреттерін арттырды.