
Бүгін облыстық дін істері басқармасында «Ашық есік күні» акциясы өткізіліп, оған облыстың жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Акцияның мақсаты – өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенді тартуды қамтамасыз ету және азаматтық қоғам институттарын дамыту.
Іс-шара барысында қатысушыларға азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған сюжеттермен қысқаметражды бейнеролик көрсетілді және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамасы түсіндірілді.
Сонымен қатар олар басқарманың қызметімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.