Қазақстанның әлемдік аренадағы оң тәжірибесі

Қазақстанның әлемдік аренадағы оң тәжірибесі

2020 жылдың 11-12 ақпан күндері Австрияның Вена қаласында ЕҚЫҰ (ОБСЕ) Швейцария Үкіметімен, БҰҰ Терроризмге қарсы Басқармасымен және Албанияның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығымен бірлесіп ұйымдастырған «Шетел террорист жауынгерлер (FTFs) - қазіргі заманғы сын-қатерлерді шешу» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі өңірлік конференция ұйымдастырылды.

Іс-шарада сөз сөйлеген ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев интернеттегі террористік идеологияның таралуына қарсы Қазақстанның күш-жігері туралы, сондай-ақ еліміздің ЕҚЫҰ шеңберіндегі терроризмге қарсы әрекеттерге қолдауы туралы айтты.
Сонымен қатар іс-шараға «Жусан» операциясы бойынша оралған Қарағанды қаласының тұрғыны Аязбаева Сабинелла қатысып, Сирия еліндегі сергелдеңді сипаттап, Отанға деген ерекше алғысын жеткізді.