Құрметті достар!

Құрметті достар!

Бүгін Өзбекстан Республикасында (Ташкент және Термез қалаларында) діни-экстремистік ұйымдардың қатарынан қайтарылған адамдарды оңалту және реинтеграциялау мен оларды бейбіт өмірдің жағдайларына бейімдеу жөніндегі Өзбекстанның тәжірибесін зерттеуге бағытталған екікүндік халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасынан өзінің азаматтарын ұрыс аймақтарынан қайтару және оларды одан әрі оңалту жөніндегі Қазақстанның оң тәжірибесі туралы баяндамасымен Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы басшысының орынбасары Дулат Тулегенов қатысты.