
Құрметті достар, бүгін «Bolashaq» академиясының студенттерімен жалпы алдын алу кездесуі өткізілді. Кездесу басында жиналғандарға «Жусан» операцияларының қорытындысы туралы «Долгая дорога домой» деректі фильмі көрсетілді. Фильм көрсетілімінен кейін «Жусан» гуманитарлық операциясының аясында Сириядан қайтарылған әйелдер сөз сөйледі, ол студенттерге псевдосалафизмнің деструктивті діни идеологиясының қауіптілігі, сонымен қатар интернет кеңістігінде және псевдошейхтер деп аталатындардан діни білім алудың зияндылығы туралы әңгімелеп берді.