«ДДА адептеріне тиімді психологиялық кеңес беру» республикалық онлайн-семинары

«ДДА адептеріне тиімді психологиялық кеңес беру» республикалық онлайн-семинары

Бүгін деструктивті діни ағымдарды ұстанатындарды оңалту жұмысымен айналысатын психологтардың, теологтардың және мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі республикалық онлайн семинар өткізілді, оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 40-қа жуық адам қатысты.

Павлодар мен Қарағанды ​​облыстарының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталықтарының басшылары іс-шараның ұйымдастырушылары әрі модераторлары болды.

Семинар барысында психологиялық кеңес берудің тиімді әдістері мен техникалары, сонымен қатар оңалту  бағдарламаларын жетілдіру және ДДА ұстанатындармен жұмыс жүргізудің әдістері бойынша ұсыныстар талқыланды.

Пандемия кезінде адамдардың оқшауланғанына қарамастан, діни экстремизм тақырыбы бұрынғыдан да өзекті, өйткені қазіргі уақытта адамдар әлеуметтік желілер арқылы псевдодіни ағымдардың идеологиясының ықпалына көбірек ұшырайды.

Осы семинардың ұйымдастырылуының арқасында мамандар республикалық деңгейде өзекті мәселелерді талқылауға және өздерінің оң тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.