
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төтенше жағдайға байланысты жаназа намазын тек жақын туыстармен, яғни аз топпен өткізуге кеңес береді.
Бұндай шешімді Ғұламалар кеңесі қабылдады.
Індеттің таралуына жол бермеу мақсатында мешіт жанындағы асханаларда өтетін құдайы ас, садақалар (жетісі, қырқы, жылы т.б. дәстүрлі кәделер) уақытша тоқтатылды.