ТЖ тәртібін бұзу

ТЖ тәртібін бұзу

Ағымдағы жылғы 29 наурызда енгізілген төтенше жағдай тәртібінің сақталуына  мониторинг барысында Қарағанды облысында еліміздегі төтенше жағдайдың енгізілгеніне қарамастан, діни сенімдегі келушілер көп шоғырланған  діни іс-шараны өткізудің 3 фактісі тіркелді.

Теміртау (Теміртау қаласы, Брусиловский көш., 46) және Жезқазған (Жезқазған  қаласы, Мұратбаева көш., 4) қалаларындағы Евангелиелік христиан-баптистердің халықаралық шіркеулері одағы діни қауымдастықтарының жаппай құлшылық ету қызметі өткізіліп, оларға шамамен 135 адам қатысқан, олардың арасында зейнеткерлер, мүгедектер мен кәмелетке толмаған балалар болған.

Айта кететін жайт, құлшылық ету қызметін өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаған (медициналық бетперделер мен қолғаптар, антисептикалық заттар болмаған), оның салдары вирустық инфекциялардың таралу қаупін туындатқан.

Осындай жағдай Қарағанды қаласында да тіркелді. Балхаш көшесі, 50А мекенжайында орналасқан «Вефиль» Евангелиелік христиан-баптистер шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің үй-жайында 35 адамның қатысуымен құлшылық ету рәсімі өткізілген.

Осы фактілер бойынша ҚР ӘҚБК 476 бабы 3 бөлімінде және 489 бабы 9 бөлімінде көзделген құқықбұзушылықтар тіркелді.

Оңтүстік Кореяда діни бірлестіктер өкілдерінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға бейжай қарауының және көпшіліктің қатысуымен іс-шаралар өткізуінің салдарынан инфекция жұқтырғандар санының күрт артқанына  назар аударамыз.