«Интернет желісіндегі қауіпсіздік» онлайн-конференциясы

«Интернет желісіндегі қауіпсіздік» онлайн-конференциясы

Бүгін дін істері басқармасының ғимаратында ҚарМТУ оқытушылары мен студенттеріне арналған «Интернеттегі желісіндегі қауіпсіздік» тақырыбында онлайн-конференция өтті.

Қарағанды ​​облысының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығының басшысыі Саматаев Р.А. баяндама жасады.

Іс-шара барысында қатысушылар Интернет кеңістігінде және әлеуметтік желілерде деструктивті діни ағымдардың идеологиясын насихаттауды талдау нәтижелерімен танысты. Сонымен қатар, облыстың пайдаланушылары арасында ДДА идеологиясын таратудың ауқымы мен әдістері талқыланды.

Бұдан басқа, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңды бұзғаны, оның ішінде әлеуметтік желілерде ДДА идеологиясын таратқаны үшін азаматтарды жауапкершілікке тартудың статистикалық мәліметтері берілді. Онлайн тәртібіндегі жұмыс жалғасады.