
Қарағанды облысында төтенше жағдай кезінде жаппай құлшылық ету қызметіне жол берілмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz-тің тілшісі.
29 - 30 наурызда Қарағанды, Теміртау, Жезқазған және Сәтбаев қалаларында «Евангелиелік христиан-баптистердің халықаралық шіркеулері одағы» мен «Вефиль» Евангелиелік христиан-баптистердің шіркеуі діни қауымдастықтарының жаппай құлшылық ету қызметіне жол берілмеді. Олардың жиналысына 20-100 адамнан астам келуші жиналған. Адамдар медициналық бетперде, қолғап кимеген, үй – жайларда антисептиктер болмаған. Қарағанды облысының дін істері басқармасы: «Төтенше жағдайды бұзудың» 476 бабы 3 бөлігі бойынша қауымдастық басшыларына қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды», - деп хабарлады.
Қазақстанда ТЖ тәртібінің енгізілуімен бұқаралық діни жоралар мен қызметтерді өткізуге тыйым салынғанын атап өткен жөн.
Бұдан басқа, көпшілік жиналған үй-жайларда ешқандай да алдын алу шаралары жүргізілмеген және санитарлық режим сақталмаған.
Барлық діни ұйымдар түсіндіру жұмыстарымен қамтылды. Оларға заңды бұзу әкімшілік және тіпті қылмыстық жазаға әкеп соқтыратыны туралы хабарланды, - деп толықтырды облыстық дін істері басқармасында.
Еске салсақ, 16 наурызда Қарағандыда түнгі клубтың иесі төтенше жағдайды бұзған болатын. Ол 60-тан астам адам жиналған өзінің мекемесінде ресейлік рок-тобының концертін ұйымдастырған. Нәтижесінде, іс-шара қызған уақытта полиция қызметкерлері клубқа келген. Олар клуб иесіне қатысты әкімшілік хаттама жасады. Арнайы әкімшілік соттың шешімімен бизнесмен әйелге айыппұл салынды.