
Қарағанды, Теміртау, Жезқазған және Сәтбаев қалалары соттарының шешімімен олардың үшеуі қамауға алынып, біреуіне айыппұл салынды деп хабарлайды NUR.KZ-тің тілшісі.
Бүгінгі күні Жезқазған қалалық сотының шешімімен «Евангелиелік христиан-баптистердің халықаралық шіркеулері одағы» діни қауымдастығының басшысы төтенше жағдайды бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол үш күнге қамауға алынды. Осындай әкімшілік жаза Сәтбаев қалалық сотының шешімімен Сатпаев қаласында жиналыс өткізгені үшін осы діни бірлестіктің басшысына да тағайындалды. Үшінші құқық бұзушының ісі Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ал «Вефиль» шіркеуінің басшысы айыппұлмен шектеле алмады. Ол 72 сағат темір тордың аржағында отырады.
Бұдан бұрын Қарағанды облысында баптисттік шіркеулердің өкілдері жаппай құлшылық ету шараларын өткізетіні туралы хабарланған. Олар жаппай жиналыс өткізуге тыйым салынғанын біле тұра, бетпердені, қолғапты және антисептиктерді елемей, өздерінің құлшылық ету рәсімін өткізген.