
Қарағанды қаласының екі тұрғыны діни мазмұндағы баннерді жарық бағанасына іліп қойды, - деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Жақында Қарағандының Оңтүстік-шығыс ауданының тұрғындары «Океан» аялдамасындағы жолдың жанындағы әдеттын тыс баннерді байқады. Онда діни мазмұндағы жазулар болған. Өз көзімен көргендер жазуды суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады. Бұл суретке құқық қорғау органдары мен Қарағанды облысының дін істері барсқармасының қызметкерлері назар аударды. Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдары баннерді ілген адамдарды анықтады. Бұлар «Слово Жизни» евангелиелік сенімдегі христиан шіркеуі» жергілікті діни бірлестіктің келушілері болып табылатын қаланың екі тұрғыны болып шықты. Бұл ер адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар Қарағанды қаласы мен оған іргелес аумақты абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, 20 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
Бұдан бұрын төтенше жағдай кезіндегі тәртіпті бұзғаны үшін баптисттік діни бірлестіктердің 4 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын еске саламыз. Олардың үшеуі үш тәулікке қамауға алынып, біреуіне 10 АЕК айыппұл салынған. Қарағандының тағы екі тұрғыны тыйым салынған діни контентті сақтағаны үшін шамамен 200 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді. Олар оны ВКонтакте әлеуметтік желісіне орналастырған.