«Діни экстремизмдегі абстракция» тақырыбында екі күндік оқыту семинары өтті

«Діни экстремизмдегі абстракция» тақырыбында екі күндік оқыту семинары өтті

Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Діни экстремизмдегі абстракция» тақырыбында екі күндік оқыту семинары өтті.
Іс-шараға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығы директорының орынбасары - Жандәулет Отарбайұлы Сүлейменов арнайы шақырылды.
Семинар жұмысына ҚАЖД қызметкерлері, дін саласындағы мамандар, сондай-ақ профилактикалық жұмысқа тартылған дін қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында мамандардың күнделікті жұмысында туындайтын проблемалық мәселелер көтеріліп, олардың шешу жолдары талқыланды.
Семинар соңында 40-тан астам қатысушыға сертификаттар табысталды.