2023 жылы 19 сәуірде Дін істері комитетінің төрағасы Е. Нүкежанов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді.
Іс-сапар барысында Қазақстан Православ Шіркеуінің ұйымдастыруымен Қарағандылық Севастианға әулиелік беруіне 25 жыл толыуна орай өткен салтанатты іс-шараға қатысты.
Сонымен бірге, Е. Нүкежанов Қарағанды облысының Дін істері басқармасының және Конфессияаралық қатынастардың мәселелерін зерттеу және талдау орталығы қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде барлық ұжыммен өңірдегі дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.