Ермағанбет Бөлекпаев Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александрмен кездесті

Ермағанбет Бөлекпаев Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александрмен кездесті

Қарағандыда Астаналық және Қазақстандық митрополит Александр архипастыр сапарымен болып қайтты. Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы Введенский шіркеуінде болды.

Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александрмен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев кездесті.

– Қарағанды облысы көпконфессиялы өңір. Мемлекет тарапынан дін саласында жүргізіліп жатқан саясаттың арқасында біз түрлі дін өкілдерімен сындарлы диалог құрдық, – деп атап өтті өңір басшысы.

Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы қарағандылықтарды жарқын Наурыз мерекесімен құттықтады.

– Қарағандыда түрлі ұлттар мен діндердің адамдары бейбіт әрі келісімде өмір сүріп жатыр. Мен әрі де осылай болғанын қалаймын, – деді митрополит.

Ол 19 сәуірде Қарағандыда Құрметті Севастиан Қарағандының құрметіне Қазақстан мен ТМД елдерінің Епархияларынан архипастерлер мен дін қызметкерлерінің қонақтары келетін естелік мерекелер өтетінін хабарлады.