
Қасиетті Рамазан айының қарсаңында, сондай-ақ Наурыз мейрамын мерекелеу аясында ҚМДБ-ның облыстық өкілдігімен «Әнет баба» мешітінде Діни бірлестіктер Клубының отырысы өткізілді. Іс-шара басында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы басқа конфессиялардың өкілдері болып табылатын Клуб мүшелеріне мешіт ішін таныстырып, экскурсия өткізді. Экскурсия соңында қонақтар мешіт ауласында ұйымдастырылған «Асық ату», «Садақ ату» ұлттық ойындарына қатысып, кейін тігілген киіз үйге қазақ халқының дәстүрлі тағамдары жайылған мерекелі дастархан басына шақырылды. Клуб мүшелерімен бірге мерекелі дастарханды ақсақалдар бөлісті, олар мерекемен құттықтап, өз баталарын берді. Сонымен қатар, дастархан басында дәстүрлі күй мен ән шырқалды. Қатысушылар конфессияаралық келісімді нығайтудағы аталмыш іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, дастархан басында маңызды сұрақтарды талқылауға берілген мүмкіндік үшін алғыстарын білдірді.