ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің кезекті төралқа жиыны өтті

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің кезекті төралқа жиыны өтті

Алда келе жатқан барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айына дайындықты пысықтау мақсатында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің кезекті төралқа жиыны өтті.
​Облысқа қарасты қала, аудан имамдары және облыстық дін істері басқармасының өкілдері қатысқан жиын барысында рамазан айын жоғары деңгейде өткізу, оның маңызы мен мәнін түсіндіру, ораза кезінде ауызашардың талаптарға сай болуы жан-жақты талқыланды.
​Сонымен қатар, 13 наурызда әкімдер мен мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының берген тапсырмасына сәйкес атқарылатын жұмыстар, ғибадат үйлерінің құрылысын жүргізу тәртібі, оңалту бөлімінің жұмысы мәселелері қаралды.