
2023 жылғы 9 наурызда ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің дін қызметшірлеріне «Деструктивті діни ұстаным - қазақ даласына жат ұғым» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында спикерлер оңалту жұмысы бағытындағы қазіргі таңда туындап отырған жаңа мәселелер, деструктивті діни ағым ұстанушы азаматтарды радикалды көзқарасынан қайтару және оларды оңалту мақсатында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер туралы түсінік берді.
Семинар жұмысына қатысқан облыстық дін істері басқармасының өкілдері дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарына тоқталып, оңалту бағытындағы имамдардың атқарып жүрген қызметі үшін алғыс білдірді.
Шара соңында тараптар екі жақты ынтымақтастықта әрі қарай нәтижелі қызметтің жалғасатынына сенім білдірді.