
Бүгін Қарағанды облысының дін істері басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментімен (Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бірлесіп, Діни бірлестіктер клубының отырысын өткізді.
Отырыстың жұмысына діни бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Оның барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, конфессияаралық келісімді нығайту және азаматтық қоғам институттарын дамыту жөніндегі іс-шараларға азаматтық қоғамды тарту мәселелерін талқылады.
Клуб мүшелері кездесу қорытындысы бойынша клуб алаңында практикалық ұсыныстар әзірлеу, дінаралық келісімді нығайту мәселелері жөніндегі одан әрі жемісті ынтымақтастық туралы келісімге келді.