«Алғыс айту – адамдықтың белгісі» атты дөңгелек үстел өтті

«Алғыс айту – адамдықтың белгісі» атты дөңгелек үстел өтті

28 ақпанда Алғыс айту күні қарсаңында Осакаровка кентінің тарихи өлкетану мұражайында «Алғыс айту – адамдықтың белгісі» атты дөңгелек үстел өтті. Мерекелік іс-шараға әртүрлі салаларда және кәсіптерде адал қызмет етіп, азаматтық және еңбектік ерлік жасап, аудан дамуына үлесін қосып жүрген, сондай-ақ белсенділік пен азаматтық ұстанымын танытқан азаматтарға Осакаров ауданы әкімінің орынбасары А.К.Шалабаева және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.М.Шакирбеков алғыс білдірді.

Іс-шара соңы мәдениет қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.