Қарағанды облысының мәдениет, архив және құжаттама басқармасының «Саңыраулар мәдениет үйі» КМҚК еңбек ұжымы үшін діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру әңгімесі өткізілді. Кездесу барысында «Зайырлылық», «Әлеуметтік желідегі алдап-арбау» тақырыптарында бейнероликтер көрсетілді.
ҚР АҚДМ ДІК РАТТ мүшесі Далабаева Г.Б. спикер болды. Отырыс барысында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың, Қазақстан Республикасының заңнамасының, дін саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың негізгі мәселелері қаралды. Жалған ілімдерге қарсы тұру үшін адамгершілік тәрбиесі мен бүкіл қоғамды біртұтас халыққа біріктіру қажеттігі туралы дәлелдер айтылды.
Сондай-ақ, интернет-кеңістігінде, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдап-арбаудың деструктивті бағдарламалауынан және экстремистік идеологияның таралу қаупінен қорғану, әдістері, экстремистік идеяларға тарту және қабылдау жолдары қарастырылды.