Оқытушылар үшін оқыту семинары өткізілді

Оқытушылар үшін оқыту семинары өткізілді

Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Қарағанды ​​қаласының ішкі саясат бөлімінің жобасы аясында «Діни сауаттылықты арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» бойынша оқыту семинары өтті.

Лектор ретінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшы-психологы, отставкадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің подполковнигі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының құрметті профессоры Шакирова Л.С. шақырылды.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.