Журналистер мен БАҚ арасында өткен байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Журналистер мен БАҚ арасында өткен байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Журналисттердің белсенді жұмысын ынталандыру және көтермелеу мақсатында «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ «Қазақстанның Азаматтары» ҚБ және «Дін және заман» журналының редакциясымен бірлесіп, Қарағанды облысының журналистері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелерінің үздік жариялымы байқауы БАҚ өкілдері арасында өткізілді.

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Қасым үйінде журналистер мен БАҚ арасындағы байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Осы жылы байқауға БАҚ өкілдері арасынан 11 өтінім келіп түсті. Комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы жеңімпаздар «Теледидардағы ең үздік репортаж», «Интернет БАҚ-тағы үздік материал», «Мерзімді басылымдағы үздік мақала» номинациялары бойынша қарастырылды.

Комиссия шешімінің қорытындысы бойынша «Теледидардағы ең үздік репортаж» номинациясы бойынша:

ІІІ орын - «Saryarqa» телеарнасының журналисі  Елубаева Жаннұр;

ІІ орын - «Saryarqa» телеарнасының журналисі Садыканов Жанибек;

І орын - «Saryarqa» телеарнасының журналисі  Каскирова Зульфира.

«Мерзімді басылымдағы үздік мақала» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

ІІІ орын- «Орталық Қазақстан»  газетінің журналисі  Амантай Жансая;

ІІ орын - «Индустриальная Караганда» газетінің журналисі Ахметова Самал;

І орын- «Орталық Қазақстан» газетінің журналисі Шалқар Жәлел.

«Интернет БАҚ-тағы үздік материал» номинациясы бойынша жеңімпаз:

І орын - «LIFE09» ақпараттық агенттігінің журналисі Кеңесбек Аяжан.