
Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанында Қарағанды облысының діни бірлестіктері Клубының қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі Күніне арналған Бұқар-жырау ауданына барумен іс-шара өткізілді.
Аталмыш іс-шарада облыстың діни бірлестіктерінің 15 өкілі қатысты. Іс-шара өткізу барысында саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алу рәсімі өткізілді.
Одан басқа, Қарағанды облысының киелі жерлерінің саналуандығын насихаттау мақсатында діни бірлестіктердің өкілдері Ботақара кентінің «Жыржыс қажы» мешітіне, Қарағанды және Шахтинск епархиясының Ботақара кентінің Троицк шіркеуінің приходына барып, Бұқар-жырау ауданының бас имамы Рүстем Мұратұлы Ақошевпен және шіркеу настоятелі иерей Виктор Гущинмен кездесті. Сонымен қатар, облыстың діни бірлестіктерінің Клубы мүшелерінің қатысуымен тимбилдинг өткізілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша Клуб мүшелері бұл іс-шара конфессияаралық және дінаралық диалогты тұрақты дамытуда ілгерілетудегі тағы бір маңызды қадам болды деп үміт білдірді.