
Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Қарағанды облысының дін істері басқармасының қолдауымен «Граждане Казахстана» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Діни бірлестіктердің көшбасшыларының клубының мүшелері арасында шағын-футболдан турнир өткізілді, онда облысымыздың әртүрлі конфессия өкілдері қатысты. Аталмыш іс-шара конфессияаралық және қоғамдық бірлікті, сондай-ақ облыстағы діни бірлестіктердің арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды. Турнирде 7 команда қатысты. Турнирдің қорытындысы бойынша облыстық «Әнет баба» мешітінің командалары «Ихсан» 1-ші жүлделі «Имам» 2-ші жүлделі орынға ие болды, 3-ші жүлделі орынға «Теміртау қаласының Евангиялық христиандық шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі ие болды, жеңімпаздарға кубок табыс етілді және диломдармен марапатталды.