
Ағымдағы жылғы 3-4 қарашада Қарағанды облысының дін істері басқармасы облыстың мемлекеттік қызметшілерге, дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған «Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Лектор ретінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Халым Қ. шақырылды.
Семинарда дәстүрлі құндылықтарды кеңінен насихаттау, деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу мәселелері талқыланды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.