«Дін және қазіргі заман» тақырыбы бойынша оқыту семинары өтті

«Дін және қазіргі заман» тақырыбы бойынша оқыту семинары өтті

Ағымдағы жылғы 16-17 қарашада Қарағанды облысының дін істері басқармасы облыстың «Жаһандық құзыреттер» және «Тарих» пәндерінің оқытушыларына арналған «Дін және қазіргі заман» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Лектор ретінде мәдениеттану ғылымдарының магистрі, Қарағанды техникалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Қарағанды облысының дін мәселелері жөніндегі АТТ мүшесі Түсіпбеков Ж. А.; дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Шахтинск қ. МОО конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау секторының меңгерушісі Майборода Е. С.; дінтанушы, Қарағанды облысының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Тлекбаев С.К.; кәсіби медиатор, Қарағанды облысының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Қарағанды қаласы мәслихатының депутаты Полтаренко Д.С. шақырылды.

Семинарда дәстүрлі құндылықтарды кеңінен насихаттау, деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу мәселелері талқыланды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.