
Ағымдағы жылғы 24-25 қарашада Қарағанды облысының дін істері басқармасы облыстың діни қызметкерлеріне арналған «Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Лектор ретінде Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Сансызбай Құрбанұлы, Смайыл Сүйерқұлұлы шақырылды.
Семинарда дәстүрлі құндылықтарды кеңінен насихаттау, деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу мәселелері талқыланды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.