Рухани келісім күніне арналған кездесу өткізілді

Рухани келісім күніне арналған кездесу өткізілді

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Рухани келісім күніне арналған кездесу өткізілді. Оған "Граждане Казахстана " ҚБ өкілдері Серік Қуатұлы Тлекбаев, Полтаренко Дмитрий Сергеевич, сондай-ақ діни қызметкерлер, этномәдени бірлестіктер, ауданның қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында дінаралық диалогты кеңейту, дәстүрлі адамгершілік құндылықтар мен толеранттылық қағидаттарын одан әрі нығайту, сондай-ақ діни қызметке қатысты халықтың кері байланысын және деструктивті идеологиялардың таралуына жол бермеу қағидаттарын күшейту мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары А. Шайкенованың атынан аудан дінбасыларының бірқатар өкілдері мен АТТ мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.