«Конфессияаралық бірлік – рухани келісімнің негізі» дөңгелек үстелі өткізілді

«Конфессияаралық бірлік – рухани келісімнің негізі» дөңгелек үстелі өткізілді

Бүгін, 13 қазанда Қарағанды ​​қаласының «Достық үйінде» «Рухани келісім күніне» арналған «Конфессияаралық бірлік – рухани келісімнің негізі» дөңгелек үстелі өткізілді.

Рухани келісім күні Қазақстан халқын дәстүрлі адамгершілік құндылықтары аясына біріктіреді, қазақстандық қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылық жолында толеранттылық пен рухани келісім идеяларын насихаттайды.

Дөңгелек үстелге  облыстың діни бірлестіктерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдар мен Қазақстан халқы ассамблеясының  өкілдері,  сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Е.Ш.Әліқұлов және дін істері басқармасының басшысы Халел Д.Қ. қатысты.

Кездесу барысында дінаралық диалогты кеңейту, дәстүрлі адамгершілік құндылықтары мен толеранттылық қағидаттарын одан әрі нығайту, және де деструктивті идеологиялардың таралуына жол бермеу үшін тұрғындардың дін қызметіне қатысты кері байланысын күшейту мәселелері талқыланды.