Рухани келісім күні құтты болсын!

Рухани келісім күні құтты болсын!

ҚҰРМЕТТІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Шын жүректен Рухани келісім күнімен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Мызғымас қазақстандық тұрақтылықтың кепілі - біздің көп ұлтты қоғамымыздың адамгершілік және рухани бірлігі.

Қазақстандағы ұлттық келісімнің тірегі конфессияаралық диалог болып табылады. Біздің азаматтар өздері таңдаған дінді еркін қолдайды, ана тілінде сөйлейді, мәдениеті мен дәстүрін сақтайды. Бұл нағыз тұлға еркіндігі. Біз бұған мақтануымыз керек.

Бүгінгі күні мемлекеттің зайырлылығы Қазақстанда жұмыс істейтін барлық діндердің ұлы рухани мұраларын құрметтеуге, әркімнің таңдау еркіндігіне негізделген. Конфессияаралық толеранттылық атмосферасының баламалары әлемде жоқ шығар. Сонымен бірге, біздің еліміз зайырлы және дін мемлекеттен бөлінген. Біз сондай-ақ діни ұрандарды жамылған, діни ілімдерді сырттан саясаттандыруға тырысатын экстремизмнен, өзімізге жат діни көзқарастар мен идеяларды халқымызға таңдырудан бас тартамыз.

Біздің облыстың діни конфессиялары мен этномәдени бірлестіктері сол елдің бақытты әрі бай өмір сүретінін, оның бірлігімен берік, өзінің еңбегімен қуанатын, халқымен достық қарым-қатынаста болатынын жыл сайын, ай сайын және күн сайын бізге дәлелдей алады деп сеніммен айта аламыз.

Рухани келісім мен бірлік экономиканың табысты дамуы мен нығаюының кепілі болып табылады.

Қазіргі күрделі кезеңде біздің бірлігіміз бұрынғыдан да берік болып, жаңа мақсаттарға бірге ұмтылуға, өзара құрмет пен достықтың дәстүрлі құндылықтарын сақтауға шақырамын.

Осы нұрлы күнде сіздерге бақыт, денсаулық, игілік пен береке тілегім келеді!

Рухани келісім күні құтты болсын!

Қарағанды облысының  дін істер басқармасының басшысы Халел Д.К.