«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы

Бүгін 11 қазанда Қарағанды облысының дін істері басқармасымен діни бірлестіктермен бірлесе отыра, дәстүрге айналған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы қарттар үйін, «Хоспис», онкологиялық ауруханаға барумен өткізілді. Акция өткізу барысында азық-түлік қоржындары, сондай-ақ  осы мекемелерде емделіп жатқан науқас жандармен әңгімелесу өткізілді.
Атап өткен жөн, жыл сайын осындай акцияларда діни бірлестіктер белсене қатысуда.