"Крещение Господне" арналған баспасөз конференциясы өтті

"Крещение Господне" арналған баспасөз конференциясы өтті

Алдағы "Крещение Господне" айтулы күнін мерекелеу жөнінде облыстың тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында Қарағанды облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында облыстық дін істері басқармасы Төтенше жағдайлар департаментімен, сонымен қатар Орыс православие шіркеуінің Қарағанды және Шахтинск епархиясымен бірлескен журналистерге арналған баспасөз конференциясын өткізді.

Ақпаратқа сәйкес крещендік жаппай суға түсу салтын өткізетін су қоймалары мен уақыты анықталды, дін қызметшілері және облыстың мүдделі мемлекеттік органдарының жауапты қызметкерлері бекітілді. Қарағанды облысының су қоймаларында "Крещение Господнені" мерекелеу уақытындағы шомылу кезіне жадынама әзірленді. Крещениені мерекелеу күндері су қоймаларында жедел жәрдем мен жергілікті полиция қызметі бригадаларының кезекшілігі ұйымдастырылды.