
Ағымдағы жылғы 25 тамызда Қарағанды облысының діни бірлестіктері клубының отырысы өткізілді.
Клубтың жұмысына облыстың діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында «Бастамашы азаматтардың тізімін өзектілендіру қажеттігінің жоқтығы және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық декларация тапсыру туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Қоғамдық бірлестіктердің статистикалық нысандарды толтыру және тапсыру тәртібі» мәселелері қаралды. Клуб мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға белсене қатысты.