
Облыстың ішкі саясат бөлімдері мен дін мәселелері жөніндегі орталықтарының қызметкерлеріне арналған интернет желісінде қарсы насихаттау жөніндегі оқыту семинары өткізілді. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу және заңсыз контентті бұғаттауға бағытталған «Аналитикалық интернет картасы» жобасының жетекшісі лектор ретінде сөз сөйледі. Оқыту барысында әлеуметтік желілер арқылы деструктивті діни ағымдарға адамдарды жаппай тартудың себептері мен әдістері, сонымен қатар қарсы насихаттау материалдарының бірыңғай базасын құру және онымен жұмыс жасау тәсілдері түсіндірілді.