Қарағанды қаласының мешіттері «Тегін такси» акциясын ұйымдастырды

Қарағанды қаласының мешіттері «Тегін такси» акциясын  ұйымдастырды

Қарағанды қаласының мешіттері «Тегін такси» акциясын  ұйымдастырды. Ауа райы қолайсыздығының екі күнінде дін қызметшілері 500-ге жуық адамды тасымалдады.

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқкожа: «Әрдайым жақсылық жасау керек. Адамдар бір-біріне көмектесуі тиіс. Бұл мұсылмандардың басты қағидасы. Мешіт мұқтаж жандарға көмектесуге тырысады. Бұл біздің ортақ міндетіміз» - деп атап өтті.

Қала тұрғындары мұсылман діні өкілдеріне өздерінің шексіз алғыстарын білдіруде!

Дін қызметшілерінің бастамасын мұндай іске бей-жай қарамайтын басқа да қарағандылық автокөлікшілер қолдап әкетті.