
Ағымдағы жылғы 22-23 тамызда Қарағанды облысының дін істері басқармасы облыстың орта білім беру ұйымдарының дінтану пәнінің мұғалімдері мен психологтарына арналған «Жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Лектор ретінде психолог- сарапшы Шакимова Л.С шақырылды.
Семинарда жеке тұлғаның суицидтік мінез-құлқының қалыптасуына деструктивті діни сананың әсері, дәстүрлі құндылықтарды кеңінен насихаттау, деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу мәселелері талқыланды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.