«Конфессияаралық келісім және діни экстремизмнің алдын-алу»

«Конфессияаралық келісім және діни экстремизмнің алдын-алу»

Қарағанды облысының дін істері басқармасы ағымдағы жылғы 26-27 мамырда облыстың прокуратура органдарының қызметкерлері үшін «Конфессияаралық келісім және діни экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Лектор ретінде МВА дәрежесіндегі сертификатталған бизнес- жаттықтырушы, мотивациялық жаттықтырушы, әлеуметтанушы А.М. Сиырбаев шақырылды. Семинарда конфессияаралық келісімді нығайту, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу мәселелері талқыланды. Семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар берілді.