Прокуратура органдарының қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді

Прокуратура органдарының қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді

Қарағанды облысының дін істері басқармасы ағымдағы жылғы 27-28 сәуірде облыстың прокуратура органдарының қызметкерлері үшін «Конфессияаралық келісім және діни экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Лектор ретінде ҚР ҰҚК Академиясы операциялық психология кафедрасының аға оқытушысы, сарапшы - психолог Шакимова Л. С. шақырылды.   Семинарда конфессияаралық келісімді нығайту, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу мәселелері талқыланды. Семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар берілді.