Қарағанды облысының әкімі жұртшылыққа ауызашар берді

Қарағанды облысының әкімі жұртшылыққа ауызашар берді

Қасиетті Рамазан айының аясында Қарағанды облысының әкімі жұртшылыққа ауызашар берді. Дастарханға жергілікті мешіттердің жамағатымен қатар, құрметті ақсақалдар мен ардагерлер, көп балалы аналар, үкіметтік емес ұйым өкілдері шақыртылған.
Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек жиналған қауымды қасиетті аймен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
- Баршаңызды қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймын! Күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша орын алатын бұл ай исламның ең басты құндылықтары — жақсылық пен мейірімділікті, сабыр мен имандылықты дәріптейді. Бұл идеялар діні мен ұлтына қарамастан тұтас халқымыздың бірлігін бекемдей түсері сөзсіз - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, ауызашар барысында облыс әкімі облыс имамдарының, мұхтарам жамағаттың Қазақстан қоғамының бірлікте өмір сүруіне, мұсылман қауымының ынтымақта болуына қосқан салмақты үлесін бағалай отырып, елдің дамуы мен тұрақтылығын сақтау жолындағы қызметтеріне алғысын білдірді.