Дін істері басқармасының ұжымы сенбілік өткізді

Дін істері басқармасының ұжымы сенбілік өткізді
Өңірдегі елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру, сондай-ақ халықтың жайлы өмір сүруі үшін, көктемгі екі айлық тазалық аясында, облыстық ауқымдағы сенбілік өткізілді.
16 сәуір- қаланы абаттандыру мақсатында аталған шараға Қарағанды ​​облысының Дін істері басқармасының ұжымы белсене қатысты. Басқармаға бекітілген аумақты қызметкерлер шөп пен қураған жапырақтардан тазартты. Қоқыс жиналып, шығарылды.
Сенбілік – игі іс қана емес, уақытты пайдалы өткізуге, табиғатты аялаудың оң үлгісін көрсетуге зор мүмкіндік.