13 сәуір күні Қарағанды облысы дін істері басқармасының қабырғасында «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Сәрсенбаев Болат Серғазыұлының қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында
еліміздегі конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі жаңа бастамалар, сондай-ақ ағымдағы жылдың 14-15 қыркүйек күндері өтуі жоспарланып отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің идеялары түсіндірілді.
Кездесуге қатысқан Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әліқұлов Ербол Шымкентбайұлы өткелі отырған Съездің діндер, конфессиялар, ұлттар мен этностар арасындағы өзара құрмет пен төзімділікке қол жеткізу бағытындағы маңыздылығына тоқталып, конфессияаралық диалогты дамыту жолындағы ғылыми жұмыстарға Қарағанды облысының тиісті субъектілерінің қатысу ниеті жоғары екенін атап өтті.